Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысы индустриялық даму мен инвестиция тартуда жаңа рекордтарға жетті

Жамбыл облысы индустриялық даму мен инвестиция тартуда жаңа рекордтарға жетті
Жамбыл облысының әкімдігі
Жамбыл облысы индустриялық дамудың жаңа, қарқынды кезеңіне қадам басуда, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы өңір басшысы Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында мәлімдеді.

Биыл 10 айда облыс экономикасына 553,6 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге көп. Инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша өңір республикада үздік үштікке кірді.

Тартылған қаражаттың негізгі бөлігі – 82%-ы жеке сектордың үлесінде, бұл бизнестің өңірдегі экономикалық ахуалға деген жоғары сенімін көрсетеді.

Жыл басынан бері 21 млрд теңгенің 10 жобасы іске қосылып, 282 жұмыс орны ашылды. Ал 2025 жылға арналған жоспар бойынша 26 жобаны жүзеге асырып, 1,1 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген.

2029 жылға дейін жалпы құны 4,1 трлн теңгені құрайтын 62 жобадан тұратын (8,3 мың жаңа жұмыс орны) инвестициялық қоржын қалыптастырылды. Бұл бастамалар минералды тыңайтқыштар өндірісі, металлургия, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және жоғары технологиялар сынды негізгі салаларды қамтиды.

Өңірде индустриялық инфрақұрылым да қатар дамып келеді. «Тараз» индустриялық аймағында жалпы құны 113 млрд теңгені құрайтын 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде 9 жоба іске асырылып, 200 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар «Тараз» индустриялық аймағы мен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының аумағында 40 мың шаршы метр өндірістік ғимараттар қолданысқа берілді. Олар – жеңілдетілген жалдау шарттары мен толық инфрақұрылымымен ерекшеленетін, кәсіпорындардың іске қосылу уақытын айтарлықтай қысқартатын нысандар.

Жоғары сұраныс қазірдің өзінде байқалуда – құны 1,7 млрд теңге болатын 3 жоба іске асырылды. Оның ішінде есік өндірісі, фиброцемент плиталары мен шыңдалған шыны өндірісі бар.

«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы 905 гектарды құрайды. Инвесторлардың қызығушылығының артуына байланысты оның аумағы 1,2 мың гектарға дейін кеңейтіледі. Жоспарланған 18 инвестициялық жобаның ішінде жалпы құны 29,2 млрд теңгені құрайтын алты жоба іске қосылды. Қалған жобалардың жалпы құны – 1,6 трлн теңге. Аймақта глифосат, полиэтиленнен жасалған құбырлар мен шлангтар, аммоний бифториді және басқа да өнімдер өндірісі жолға қойылды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар