Жаңалықтар
Ысырапшылдыққа тыйым күшейді: Мүфтият жаназа мен құдайы асқа арналған жаңа мәзір бекітті
- author AR-AY
- 29 қараша, 2025
- 189
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жаназа мен құдайы ас кезінде ысыраптың алдын алу мақсатында арнайы бірыңғай мәзір бекітті, деп хабарлайды arainfo.kz
Жаңа талапқа сәйкес, ас дастарханында артық салаттар, тәтті бәліштер, торттар мен түрлі жеміс-жидектер қоюға болмайды.
Бекітілген мәзір бойынша дастарханға төмендегі алты негізгі өнім ұсынылады:
Нан өнімдері: бауырсақ, шелпек
Сусын: шай мен су
Ыстық тағам: ет немесе палау
Қосымша ұсыныс ретінде сары май, тары-талқан, қант пен кәмпит енгізілген. Ал тәтті тағамдар мен түрлі салаттар бұл тізімге кірмейді.
Имам Өмірзақ Бекқожаның айтуынша, исламда ысырапқа жол жоқ және жаназа асындағы басты мақсат – келген жұртты шамадан тыс шығынсыз, қарапайым түрде тамақтандыру.
Қазіргі таңда бұл талап Арқалық, Павлодар, Абай облысы мен Жезқазған қаласында енгізіле бастады.
Келесі мақала
Гонконгте үш күндік аза тұту жарияланды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




