Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Көтерер жүгі салмақты трилогия

Көтерер жүгі салмақты трилогия
Автор
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында жазушы Бибігүл Иманғазинаның «Әйел болмысы және рух биігі: бибі-сана» атты жаңа роман-трилогиясының таныстырылымы өтті.

Басқосуға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист Баймаханбет Ахмет, жазушы, журналист, Журналистер одағының мүшесі Майлыбай Смағұлов, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Айжан Баялиева, Әсел Сейдуалиева мен кітапхананың оқырмандары қатысты.

Баймаханбет Ахмет өз сөзінде Бибігүл Иманғазинаның туындылары адам жанын терең түсінуге жетелейтін, рухани дүниені байытатын, заманауи қазақ прозасына өзіндік тың үн қосқан шығармалар екенін атап өтті.

Кеш барысында туындыдан үзінділер оқылып, оқырмандар өз пікірлерімен бөлісті. Кітапты оқыған оқырмандар Бибігүл Иманғазинаның тілінің шұрайлылығын, берер ойының салмағын және рухани тәрбиеге бағытталған мазмұнын жоғары бағалады.

Сонымен қатар басқосуда шығарманың тарихи-мәдени контексті, әйел рөлінің әдебиеттегі көрінісі және қазіргі қазақ прозасындағы жаңашыл бағыттар бойынша қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қызу талқылады.

 

Айгүл ТҮКТЕЕВА,

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми

кітапханасының кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Оқырманға олжа
Алдыңғы мақала
Оқырманға олжа

Ұқсас жаңалықтар