Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Оқырманға олжа

Оқырманға олжа
Автор
Жазушы Пернебай Дүйсенбиннің жаңа кітабы жарық көрді

Жуырда жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Пернебай Дүйсенбиннің Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асыру тиімділігін арттыру» бағдарламасы және «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы аясында Алматыдағы «Ана тілі» баспасынан «Жұмбақ жұлдыз жымыңы» атты көлемді қиял-ғажайып ертегі хикаяттары жарық көрді.

Жинақта автордың әр жылдары республикалық, халықаралық конкурстарда оза шауып бәйге алған 6 туындысы, тағы да басқа шығармалары енгізілген. Сонымен бірге соңғы республикалық «Құлагер» бәйгесінде мифофантастикалық жанр бойынша жүзден жүйрік шыққан «Ақбоз, Көкжал, Жансая апа және төрт ноян» хикаяты жинақтың мазмұнын байытып тұр.

Сонымен бірге оңтүстік астанамыздағы «КітапБаспасы» баспасынан жазушының кезінде жас оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болған, осыдан тура қырық жыл бұрын отыз мың данамен жарық көрген «Кішкентай генералдар» повестер жинағын, сондай-ақ осыдан екі жыл бұрын жарық көрген өзгеше құрылымды «Өмір-иірім» роман-мозайкасы баспа басшылығы өздерінің ынтасымен қайтара басып шығарды.

Жаңа басылымдар республика кітапханаларына, оқу орындарына, сауда мекемелеріне таратылады.

 

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар