Шараның мақсаты – Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылық жолын кеңінен насихаттап, оқырмандардың елдік, отаншылдық сезімін ояту, қазақ зиялыларының мұрасына құрмет қалыптастыру.
Іс-шараға Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Меңдібай Әбілұлы, №3 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Тұрлыбек Қаламқас пен Баккараева Нұршат, сондай-ақ Д.И. Менделеев атындағы РХТУфилиалының білімгерлері қатысты. Олар Міржақып Дулатұлының сан қырлы шығармашылығына талдау жасап, оның ұлт руханиятындағы орнын атап өтті.
Шара барысында дарынды балаларға арналған IT лицей-интернатының оқушылары Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!», «Жастарға» және басқа да өлеңдерін жатқа оқып, көрерменге әсерлі поэзиялық сәт сыйлады.
Әдеби кездесу қатысушыларға Алаш қайраткерінің ұлт болашағы үшін жасаған еңбегін терең түсінуге мүмкіндік берді.




