Жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі ұшақта әйелдің өмірін құтқарып қалды
- author AR-AY
- 27 қараша, 2025
- 80
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта жағдайы нашарлаған жолаушыға көмек көрсетті, деп хабарлайды arainfo.kz
Астана–Алматы бағытындағы КС 622 таңғы рейсінде төтенше жағдай орын алды. Ұшақ ұшу жолағына шыққан сәтте бір жолаушының денсаулығы күрт нашарлап, қыздың қан қысымы көтеріліп, жүрегі айнып, өзін жайсыз сезіне бастаған.

Осы кезде бортта болған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірден көмекке ұмтылды. Министр шұғыл медициналық көмек көрсетіп, қыздың жағдайын тұрақтандыруға ықпал етті. Жолаушының жанында отырған құрбысы да алғашқы минуттарда қолдау көрсеткен.
Ақмарал Әлназарованың кәсіби әрекеттері нәтижесінде қыздың жағдайы біртіндеп жақсарды. Рейстегі жолаушылар оған көмектескен адамның министр екенін кейін ғана білген.
Келесі мақала
«Алаш қозғалысының көсемі» атты әдеби монография өтті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
“Рэкетир” фильмінің жұлдызы , танымал актер Мұрат Бисембин қайтыс болды
- авторAR-AY
- 8 қаңтар, 2026




