Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Қазақ онкология және радиология ғылыми институтының төрағасы Ербол Бекмұхамедов мәлімдеді.
Бағаның төмендеуі қосымша қаржысыз дәрі-дәрмек сатып алу көлемін арттыруға, бірдей бюджет аясында көбірек пациентті емдеуге және препарат тапшылығы қаупін азайтуға мүмкіндік берді.
Министрлік онкологиялық дәрілерге ревизия жүргізіп, жүйені жаңартты:
• 6 ескірген, клиникалық тиімсіз препарат тізімнен алынды;
• 4 жаңа таргеттік заманауи препарат енгізілді;
• 15 таблеткалық препарат нөлдік құны бар өтемақыға ауыстырылып, пациенттер үшін емдеуді қолжетімді етті.
Министр Ақмарал Әлназарова 10 желтоқсанға дейін онкологиялық көмектің тарифтерін қайта есептеуді тапсырды.
2026 жылдың 1 сәуіріне дейін ісікке қарсы таргеттік препараттарды фармакологиялық топтар мен АТХ жүйесі бойынша сатып алуға көшу жүктелді.




