«Әйелге қамқорлық – болашаққа қамқорлық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
- author AR-AY
- Бүгін, 19:00
- 1
Қоғамдағы гендерлік теңдік қағидаттарын насихаттау, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ отбасы мен қоғамдағы әйел рөлінің маңызын таныту мақсатында «Әйелге қамқорлық – болашаққа қамқорлық» атты кітапхана қызметкерлеріне арналған іс-шара өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар гендерлік саясаттың негізгі бағыттарымен танысып, әйелдерге көрсетілетін қолдаудың қоғам дамуына тигізетін әсері туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар қатысушылар пікірталасқа қатысып, отбасыдағы сыйластық, гендерлік тең мүмкіндіктер және әйелдер құқығын қорғау жөніндегі ойларын ортаға салды.
Шараға «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы», «Отбасын қолдау орталығы», Жамбыл облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес» бөлімінің мамандары, Тараз қаласы ПБ «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған» бөлімшенің инспекторлары, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «NEET» жастар және жас отбасылармен жұмыс жасау секторы, Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері қатысты.
Іс-шара әйелге деген құрметті арттыруға, жауапкершілік пен мәдени толеранттылықты қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік мағынаға ие болды.



