Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Еңбек –елдің ертеңі

Еңбек –елдің  ертеңі
А.Қартабай
Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын қорытындылауға арналған «Жомарт жан» орталығының «Еңбек – елдің ертеңі» атты іс-шарасы өтті. Жиында орталық директоры Жалил Аббосов демеушілер есебінен берілген 30 студенттің бір жылдық оқу ақысын төлеуге арналған сертификаттарды табыстады.

Іс-шара студенттерге арналған экскурсия жұмысымен басталып, көрермендерге «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты бейнеролик көрсетілді. Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов мерейтой иелерін құттықтап, қайырымдылық жолында атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

– Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Осы уақыт ішінде Ассамблея мүшелері еліміздің татулық пен тұрақтылықтың сенімді тірегіне айналып, түрлі этностардың мәдениетін, бірлігін және азаматтық белсенділігін дамытуға зор үлестерін қосып келеді. Өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында бірқатар маңызды жобалар іске асырылды. Осы аралықта еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған жұмыстың сапасы жыл сайын артып отыр. Атап айтқанда, Жамбыл өңірінде қоғамдық келісімге бағытталған 1093 іс-шара өткізіліп, оған 108 мыңнан астам тұрғын қатысқан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен биыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғаны өздеріңізге белгілі. Бұл шешім еңбек адамының мәртебесін арттырып, заманауи мамандарды дайындауға арналған стратегиялық қадам. Осы ретте жастардың кәсіби білім алуына қолдау көрсету –мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Осы өрелі мақсаттарға үлес қосып отырған «Жомарт жан» орталығының «Еңбек – елдің ертеңі» жобасы Ассамблеяның маңызды әлеуметтік бастамаларының бірі болып отыр,– деген Серік Жақсылықұлы сөз соңында «Жомарт жан» орталығының мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің өкілі Вагиф Халиловқа  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісін табыстады.

Әрі қарай облыс әкімдігінің білім басқармасына қарасты «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» басшысы Айбар Сапарғали мекеменің атқарған жұмысы жөнінде баяндаса, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева «БолашақHands» жастар клубын таныстырып өтті. Мүбәрак Қасымқызының айтуынша, аталған клуб мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруды, экологиялық бастамаларды іске асыруды және мәдени-рухани бағыттағы іс-шараларды өткізуді мақсат тұтады. Сондай-ақ жастарға арналған тренингтер мен семинарларды ұйымдастырып, олардың тұлғалық және кәсіби дамуына, көшбасшылық қабілеттерінің артуына жағдай жасауды көздейді.

Іс-шара соңында «Жомарт жан» орталығының директоры Жалил Аббосов студенттерге сертификаттарды табыстап, демеушілерге алғысын білдірді. Студенттер де оқу ақысына жасалған жеңілдік үшін өз ризашылықтарын білдірді.

 

Мұқағали ЖАМБЫЛҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар