Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ақтауда $300 млн-ға жаңа теңіз портын салу жоспарлануда

Ақтауда $300 млн-ға жаңа теңіз портын салу жоспарлануда
Үкімет
Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысы жүктеген көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті арттыру тапсырмалары аясында Маңғыстау облысында жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр.

Әкімнің айтуынша, жобаның жалпы құны 300 миллион АҚШ долларын құрайды. Инвестор ретінде Қытайдың «Чжонъюн Интернешнл» компаниялар тобы таңдалған. Қазір компания өңірде ресми түрде тіркелген, ал инвестициялық келісімге қол қою үшін тиісті құжаттар дайындалып жатыр.

«Аталған жоба "Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа" бағытындағы жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал етеді. Жобаны іске асыру жүк жеткізу мерзімін 7–15 күнге қысқартуға, көлік шығындарын 18–25% төмендетуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», — деді Нұрдәулет Қилыбай.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар