Ағымдағы жылдың 10 маусымында жаңа Су кодексі күшіне енгеннен кейін бассейндік инспекцияларға су пайдалану фактілері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізуге жаңа өкілеттіктер берілген. Алайда прокурорлық тексеру тізімдерді қалыптастыру кезінде елеулі кемшіліктер барын көрсетті: тізімге негізсіз 31 кәсіпкерлік субъектісі қосылған, ал 25 объект мүлдем жұмыс істемеген.
Сондай-ақ инспекторлар арнайы су пайдалануға рұқсат алған төрт кәсіпкерді заңсыз тексерген, тексеру мерзімдері бұзылған және кәсіпкерлерді нәтижелермен таныстыру тәртібі сақталмаған.
Қадағалау іс-шаралары нәтижесінде Инспекция бөлімшесінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (100 АЕК көлемінде), ал уәкілетті органға кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.
Ақтауда $300 млн-ға жаңа теңіз портын салу жоспарлануда
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




