Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елімізде балаларға зиянды 38 мың сайт бұғатталды

Елімізде балаларға зиянды 38 мың сайт бұғатталды
istockphoto.com
«Киберқадағалау» жүйесі арқасында Қазақстанда балаларға зиянды 38 мыңнан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталды, деп хабарлайды arainfo.kz

«Киберқадағалау» мониторинг жүйесі арқасында елімізде балаларға зиянды әрі заңға қайшы ақпарат таратқан 38 мыңнан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталды.

Комитеттің дерегінше, онлайн қауіптердің алдын алуда ата-аналардың бақылауы маңызды. Балалардың қандай сайттарды қарайтыны мен кіммен байланыс жасайтынын қадағалау, сондай-ақ құрылғыларда ата-ана бақылауы функцияларын қосу ұсынылады.

Қазақстанда балаларды зиянды ақпараттан қорғау жүйесі «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау» заңына негізделген. 2022 жылдан бері заңнамаға «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары енгізіліп, 2024 жылдан бастап әкімшілік жауапкершілік белгіленді. Биылғы 10 айда 339 әкімшілік іс тіркеліп, 198 факті бойынша жауапкершілікке тартылған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар