Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда терроризмді насихаттаған 6 адам қамауға алынды

Қазақстанда терроризмді насихаттаған 6 адам қамауға алынды
ҰҚК
2025 жылғы қараша айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында арнайы операциялар жүргізіп, терроризмді насихаттаған деген күдікпен 6 деструктивті діни ағым жақтаушысын ұстады, деп хабарлайды arainfo.kz

Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталғандар діни негізде шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырулар таратқан, сондай-ақ зайырлы тәртіпке қарсы әрекеттер жасаған. Операция барысында олардың үйінен атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиеттер тәркіленді. Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды.

Сонымен қатар, 3 қарашада Ақтөбе облысының тұрғыны терроризмге шақыру материалдарын таратқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекеттерге қатысы бар 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған. Құзырлы орган оқиғалардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жалғастырып отыр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар