Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Беларусь елінде Қазақстанның сауда үйі ашылады

Беларусь елінде Қазақстанның сауда үйі ашылады
Shutterstock
Минскідегі Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясында Сауда үйін құру жөнінде уағдаластық жасалды, деп хабарлайды arainfo.kz

Сауда үйі қазақстандық тауарларды Беларусь нарығына тұрақты түрде шығаруға мүмкіндік береді. Жобаны QazTrade кезең-кезеңімен жүзеге асырады.

Алғашқы кезеңде Беларусь дүкендеріне қойылатын тауарлардың тізімі анықталды. Келесі қадамда өнім түрлерін көбейтіп, серіктестік бағдарламаларды дамыту және офлайн сауда нүктесін ашуға дайындалу болады.

Миссия аясында ҚР Сауда министрі Арман Шаққалиев Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинмен кездесіп, екі ел арасындағы сауда көлемінің өсіп жатқанын атап өтті. 2025 жылдың сегіз айында тауар айналымы 739,5 млн долларға жетіп, 19,9% өскен.

Өнеркәсіп саласында да ынтымақтастық күшейіп жатыр: жалпы құны 204 млн доллар болатын 12 бірлескен жоба іске асырылуда, 1,7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылуда.

Миссия барысында бизнес-форум өтіп, QazTrade Беларусь тауар биржасымен және Ұлттық маркетинг орталығымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасады. Бұл қадамдар қазақстандық өнімдердің Беларусь нарығына жолын жеңілдетеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар