Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Вьетнамдағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 72-ге жетті

Вьетнамдағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 72-ге жетті
Фото: Duc Thao/AFP via Getty Images
Вьетнамда болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 72 адамға жетті, деп хабарлайды arainfo.kz

Вьетнамда бірнеше провинцияны шарпыған су тасқынынан қаза тапқандар саны 72 адамға дейін өсті. Ресми мәлімет бойынша, тағы 13 тұрғын із-түзсіз жоғалып, оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Құтқару топтары Дак Лак, Кхань Хоа және Лам Донг провинцияларында тәулік бойы іздестіру шараларын жүргізуде.

Елдің Құрылыс министрлігі апат салдарынан 33 жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтатылғанын және теміржол желісінің бірнеше бөлігінде қатынас уақытша шектелгенін хабарлады.

Алдын ала жүргізілген бағалау бойынша, су тасқынының экономикалық шығын көлемі 9 триллион вьетнам донгына (шамамен 358 млн АҚШ доллары) жетті. Инфрақұрылым, тұрғын үйлер мен ауыл шаруашылығы объектілеріне айтарлықтай залал келген.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар