Семинар жұмысына аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлері, мемлекеттік және жекеменшік мектептердің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер және педагогтер, барлығы 500-ден астам педагог қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда ата-анамен бірлескен жұмыстың тиімді жолдарын айқындау, құқықбұзушылықтың алдын алу мен отбасындағы құқықтық тәрбиенің рөлін арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар құқықтық тәрбиенің мазмұны мен маңызын терең түсініп, ата-анамен өзара ықпалдастықтың тиімді жолдарын талқыланып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда отбасының рөлін айқындап, тәжірибеден алынған нақты мысалдармен бөлісті.
Семинарда ата-аналармен жұмыс жүргізудің заманауи әдіс-тәсілдері, құқықбұзушылықтың алдын алу және оқушылардың жауапкершілік сезімін дамыту жолдары қарастырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар ата-анамен серіктестік орнатудың құқықтық тәрбие сапасын арттырудағы шешуші фактор екенін атап өтті. Мектептерде ата-аналармен жүргізіліп жатқан үздік тәжірибелер ұсынылып, пікір алмасу мен ортақ мәселелерді шешудің жолдары қарастырылып және әдістемелік көмектер алды.
«AR-AI»-ақпарат


