Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Көліктен шыққан өрт уақытылы сөндірілді

Көліктен шыққан өрт уақытылы сөндірілді
Автор
Апта басында, яғни 10 қазан күні Тараздың орталық алаңында автокөлік өртке оранды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «112» байланыс пунктіне хабар сағат 10.45-те түскен. Бар болғаны 11 минуттың ішінде өрт сөндірушілер жалынды толық ауыздықтады.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығу себебі көліктегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Мұндай жағдай кез келген жүргізушінің басынан өтуі мүмкін. Сондықтан темір тұлпардың жағдайына ұқыпты қарау маңызды.

Кішкентай ақаудың өзі үлкен шығын мен қатерге әкелуі ықтимал. Уақытылы тексеріс пен мұқият күтім ғана осындай оқиғалардың алдын алып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар