Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жастар қауіпсіздігі күн тәртібінен түспейді

Жастар қауіпсіздігі күн тәртібінен түспейді
Автор
Жақында Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Келешек» №66 орта мектебінде қоғамның белсенді азаматтарымен кездесу өтті.

Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықтық мәдениеті жоғары, саналы ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Өңірімізде бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына тәжірибесі мол, қоғамда беделі жоғары белсенді азаматтар енгізілген.

Кездесуге Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова, білікті дәрігер Асылан Әбіков, ардагер ұстаз Ардақ Рысбаева қатысты.

– Қазіргі уақытта құқықбұзушылықтың алдын алудың тиімді жолы – жазалау емес, жасөспірім өз энергиясын жұмсай алатын қолайлы орта құрудан басталуы керек деп ойлаймын. Балаларды түрлі үйірмелерге беріп, спортпен, шығармашылықпен, еріктілікпен айналысуына мүмкіндік беруіміз керек. Сондай-ақ өңіріміздегі ірі кітапханалардың бірі Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханаға келіп, кітап оқуды ұсынамын. Кітапханамызда сіздер сынды жасөспірімдер мен жеткіншектерге арналған түрі жанрдағы кітаптар бар. Кітапхана қызметкерлері де сіздердің таңдауларыңыздағы кітапты тауып беруге барлық көмекті көрсетеді, – деді Эльмира Абдинова.

Ал мектеп директоры Фарида Шортанбекова болса оқу ордасында оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда екендігін, 151 камера орнатылып, оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында дабыл түймелері де жұмыс істейтінін атап өтті. Сондай-ақ тәжірибе жүзінде «Найзатас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары дабыл берілген сәтте 7 минут 20 секундта келіп, оқушылардың қауіпсіздігіне үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізді.

Сонымен қатар мектеп басшысы асхананың ас мәзірімен таныстырып, спортзалында денешынықтыру сабақтарының заманауи талаптарға сай өткізілетінін атап өтті. Одан бөлек оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі үйірмелер мен секциялар тұрақты түрде жұмыс істейтіні, олардың баланың қабілетін дамытуға зор мүмкіндік беріп отырғаны айтылды.

Фарида Советбекқызы құқықтық тәрбие бағытындағы жұмыстардың іс-құжаттары және мектепте іске асырылып жатқан жобалармен де таныстырды.

Жасөспірімдер – қоғамның нәзік, әрі ең әлеуетті бөлігі. Дәл осы кезеңде оларды дер кезінде тыңдау, дұрыс бағыт беру, қолдау көрсету және ересектердің олардың жанында көмек пен бағыт беру үшін жүргенін көрсету ерекше маңызды.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар