Тараз қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс тұрғындары үшін кең ауқымды велошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz
Шараның негізгі мақсаты – халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және қоғамдық тәртіпті сақтау маңыздылығын кеңінен насихаттау.
Салтанатты ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Велошеру екі санат бойынша өткізілді: 40 жасқа дейінгі және 40 жастан жоғары қатысушылар. Жарыс «Достық» орталық алаңынан басталып, «Қазақ хандығы» монументіне дейін жалғасты. Мәре сызығын бірінші болып кескен үздіктер жүлделі орындарға ие болды.
Айта кетейік, шараға 300-ден астам спорт сүйер тұрғын қатысып, белсенділіктерін көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




