Қазақстандық оқушылар KhIMIO2025 халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті
- author AR-AY
- Бүгін, 15:14
- 1
Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында 5–9 қараша күндері өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Байқауға 10 мемлекеттен келген дарынды оқушылар қатысқан.
Қазақстан құрамасы екі жас санатында – 14–15 жас (7–8 сынып) және 16–18 жас (9–11 сынып) аралығында өнер көрсетті. Нәтижесінде біздің оқушылар барлығы сегіз жүлде жеңіп алып, жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.

Жоғары жас санаты (9–11 сынып):
Мансур Мамадахунов – Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (алтын, информатика)
Алдияр Сейтбай – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (күміс, информатика)
Әли Еркебұланұлы – Назарбаев Зияткерлік мектебі (ФМБ), Алматы (күміс, математика)
Бердібек Орынбасар – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (күміс, математика)
Кіші жас санаты (7–8 сынып):
Ахмет Бердімұрат – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты (күміс, математика)
Темір Оразбек – Республикалық физика-математика мектебі, Алматы (күміс, математика)
Азамат Рахимбердиев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (күміс, информатика)
Ислам Ермуханов – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (қола, информатика)
Олимпиада ағылшын, орыс және тәжік тілдерінде өтті. Қатысушылар теориялық және практикалық турларда білім деңгейлерін сынады.
Қазақстан құрамасының дайындалып, жарысқа қатысуы Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен жүзеге асты.


