Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Облыс әкімі "AR-AI" жастар газетінің ұжымын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

Облыс әкімі "AR-AI" жастар газетінің ұжымын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады
Алтынбек ҚАРТАБАЙ
Бүгін облысы әкімі Ербол Қарашөкеев "Aulieata-Media" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты "AR-AI" жастар газетінің 20 жылдық мерейтойына орай Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйіне арнайы келді, деп хабарлайды arainfo.kz

Еркін форматта өткен кездесуде аймақ басшысы басылымның өңірлік ақпараттық кеңістікті дамытуға және жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Өңір басшысы өз сөзінде "AR-AI" газетінің жастардың креативті көзқарасы мен тың бастамаларына жол ашып, қоғамдағы өзекті мәселелерге серпін беріп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол шығармашылық ұжымға алдағы уақытта да толайым табыс пен жаңа биіктерді бағындыруды тіледі.


Ербол Қарашөкеев редакция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, басылымның жастарға бағытталған өңірлік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен бірге облыс әкімі "AR-AI" газетінің ұжымына қаржылай сертификат табыстады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар