Шын мәнінде, қытайлықтар өндірген 50-60 тонналық «Shacman» атты жүк көлігі карьерде ғана жүруге тиіс. Өйткені аталған жүк көлігі магистралдық жолдардың тез бұзылуына «ықпалын» тигізіп отыр. Мәселен, дәл қазір Әулиеата өңіріндегі қалалық және жол құрылыстарында сондай-ақ өзге де нысандарда 4 мыңға жуық самосвал көліктер пайдаланылуда. Мамандар салмағы аса ауыр темір тұлпарларды қанша жерден бақылағанмен, ережеге бағынбайтын кейбір жүгенсіз жүк көліктерінің қозғалысы толастамай тұрғанын айтады.
– «Нowo», «Shacman» және «Man» маркалы көліктердің жүк көтергіштері 25 тоннаны құрайды. Алайда, салмағы 15 тоннаға жуық көліктердегі жүк көлемі 40 тоннадан асып түседі. Осылайша, мұндағы жүктеме тиісті құжаттағы стандарттардан да жоғары. биылдан бастап орташа жөндеуге ведомстволық сараптама жүргізу үшін жобалаушылардан жобалық-техникалық құжаттамаға жүктерді тасымалдау мақсатында салмағы 15 тоннадан артық емес жүк көліктерінің жүруін талап етілуде. Бұл өз кезегінде автожолдардағы ақаулардың алдын алып, тас жолдың тез тозуына тосқауыл болады деп күтілуде, – дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының зертхана меңгерушісі Дәурен Хасенов.
Атап өтерлігі, «Shacman» көлігінің орташасының салмағы – 17,1 тонна. Ал үстіне алатын жүгі – 31 тонна. Сонда магистралды асфальт жолдарға түсіретін салмағы – 48 тонна. Жылдамдығын сағатына 90 километрге дейін жеткізе алады. Демек, 1 метр жолға түсіретін жүктемесі – әрбір шақырымына 4 320 тонна. Сонша ауыр жүк, қатты жылдамдық жолды бұзбай қоймайды. Бізде белдікке түсіретін салмақ 10 тоннадан аспауы керек. Ал көктемгі және жаз айларында бұл шектеу 8 тоннаға дейін төмендетіледі. Салыстыру үшін айтатын болсақ, «КамАЗ»-дың алатын жүгі 7 тоннадай, артындағы тіркемесімен қосқанда 15-16 тонна шамасында. Бірақ оның бағасы – 32-33 миллион теңге, ал «Shacman»-ды 25-26 миллион теңгеге алуға болады. Сондықтан кәсіпкерлер әрі арзандау, әрі жүкті көп көтеретін көлікке ұмтылады. Ал оның жолды бұзатынын ешкім ескере қоймайды.
Ұқсас жаңалықтар
Instagram-ның ресми парақшасы қазақстандық саяхатшының видеосын жариялады
- авторAR-AY
- 4 қараша, 2025


