Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Келесі жылы Жамбыл облысында екі жаңа су қоймасының құрылысы басталады

Келесі жылы Жамбыл облысында екі жаңа су қоймасының құрылысы басталады
2028 жылға дейін Жамбыл облысында 10 жаңа су қоймасы салынып, 3 су қоймасы реконструкциядан өтеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Ведомство басшысы вегетация кезеңінің қорытындысын баяндап, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты.

Министрдің айтуынша, 2028 жылға дейін Жамбыл облысында 10 жаңа су қоймасы салынып, 3 су қоймасы реконструкциядан өтеді. Сондай-ақ 45 гидротехникалық нысанға зерттеу жүргізу жоспарланған.

Келесі жылы Ақмола және Қалғұты су қоймаларының құрылысы басталып, Теріс-Ащыбұлақ пен Қарақоңыз су қоймалары қайта жаңғыртылмақ. Облыс әкімдігі тағы 7 жаңа су қоймасының жобалық құжаттарын әзірлеп жатыр.

Қазір Ислам даму банкінің қолдауымен ұзындығы 415 шақырым болатын 76 канал жаңғыртылуда, бұл 24,8 мың гектар жердің суару мүмкіндігін арттырады. Сонымен қатар өңірде 23 каналдың реконструкциясы аяқталуға жақын.

«Су шаруашылығын жаңғырту – Мемлекет басшысы қойған басты міндеттердің бірі. Суды үнемдеу ісіне тек мемлекет емес, тұтынушылар да үлес қосуы қажет», – деді министр Нұржігітов.

Кездесу соңында министр азаматтарды жеке қабылдап, «Қазсушар» және Шу–Талас бассейндік инспекциясы өкілдерімен бірге жергілікті мәселелерді талқылады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар