Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазгидромет ескертеді: еліміздің бірнеше өңірінде боран, тұман және көктайғақ күтіледі

Қазгидромет ескертеді: еліміздің бірнеше өңірінде боран, тұман және көктайғақ күтіледі
Pixabay.com
«Қазгидромет» деректері бойынша алдағы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпті метеорологиялық құбылыстар болжануда, деп хабарлайды arainfo.kz

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде қар жауып, кей жерлерде боран соғады. Ал оңтүстікте жаңбырдың қарға ауысуы күтіледі, таулы аймақтарда күшті жауын-шашын болады.

Батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік таулы аудандарда тұман түсіп, көріну қашықтығы 50–200 метрге дейін төмендейді. Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Солтүстік, орталық және батыс өңірлерде көктайғақ байқалады. Ауа температурасы төмендеп, солтүстікте және орталықта –10…–15°C, батыста –5…–10°C, оңтүстікте –5…–10°C, тауда –13°C шамасында болады деп күтіледі.

Сонымен қатар Алматы, Жетісу, Қызылорда және Жамбыл облыстарында өрт қаупі сақталады.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ауа райы болжамдарын қадағалап, алыс жолға шықпауға және жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар