Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Халық заңгері» акциясы өтті

«Халық заңгері» акциясы өтті
Бүгін Тараз қаласының «Март» сауда орталығында халықтың құқықтық сауатын арттыру және азаматтардың нақты мәселелерін шешуге көмектесу мақсатында «Халық заңгері» акциясы өткізілді, деп хабарлайды arainfo.kz

Акцияға құқық қорғау органдарының өкілдері, заңгерлер, адвокаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері құқықтық көмекке мұқтаж азаматтарға тегін кеңес берді. 

Акция барысында азаматтық, отбасылық, еңбек, салық, тұрғын үй және жер қатынастары, атқарушылық іс жүргізу, зейнетақы, т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қаралды.

«Халық заңгері» акциясы – қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігін нығайтатын, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеретін игі бастама.
Осындай шаралар арқылы мемлекет пен халық арасындағы өзара сенім артып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейе түседі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар