Жаңалықтар
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында өмірден өтті
- author AR-AY
- Бүгін, 14:14
- 1
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі бұрынғы қақпашы, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Андрей Моревтің 52 жасында дүниеден озғанын хабарлады.
Андрей Морев кәсіби мансабында «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» командаларының намысын қорғаған. Ол «Ақтөбе» сапында екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогын жеңіп алған. 2005 жылы елдегі ең үздік қақпашы атағына ие болды.
Морев Қазақстан ұлттық құрамасы сапында екі матч өткізіп, дебюттік кездесуінде Түркия құрамасының пенальтиін сәтті тойтарған еді. Бұл сәт жанкүйерлер есінде ерекше әсер қалдырды.
Қазақстан футбол федерациясы Андрей Моревтің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ұйым мәлімдемесінде оның есімі отандық футбол тарихында және әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталатыны атап өтілген.


