Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда Республика күніне орай «Кәсіподақ барысы – 2025» облыстық турнирі өтті

Таразда Республика күніне орай  «Кәсіподақ барысы – 2025» облыстық турнирі өтті
Автор
Республика күніне орай 21 қазан күні Тараз қаласындағы Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығында білім саласы қызметкерлері арасында қазақ күресінен «Кәсіподақ барысы – 2025» облыстық турнирі өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Жарысты Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы ұйымдастырды.

Дәстүрлі додаға өңірдің барлық аудандары мен қала оқу орындарынан 24 палуан қатысып, 70–90 кг және 90 кг-нан жоғары салмақ дәрежелерінде күш сынасты.

Тартысты өткен дода нәтижесінде 70–90 кг салмақ дәрежесінде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушысы Омар Керимов топ жарып, алтын белбеу мен 150 000 теңге көлеміндегі сыйақыны иеленді. Ал 90 кг-нан жоғары салмақта Мойынқұм ауданы О.Жандосов атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Марат Шоқабаев барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын белбеу мен 150 000 теңге жүлдеге ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы Алғыс хаттармен, қаржылай сыйлықтармен және «Кәсіподақ барысы – 2025» белбеуімен марапатталды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар