Жаңалықтар
«25 қазан-Республика күні: тарих һәм дерек» оқырман конференциясы өтті
- author AR-AY
- 21 қазан, 2025
- 425
25 қазан -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігінің маңызды сәті болып саналатын Республика күніне орай, облыстық Ш.Уәлиханов кітапханасында «25 қазан-Республика күні: тарих һәм дерек» оқырман конференциясы ұйымдастырылды,деп хабарлайды arainfo.kz
Конференция барысында қатысушылар Республика күнінің тарихына, оның мазмұны мен маңызына кеңінен тоқталды. Басты назарда Қазақстанның егемендікке дейінгі және тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдер болды. Әсіресе, Қазақстанның жаңа тарихында Республика күнінің алған орны ерекше атап өтілді. Әрбір қатысушы өз ойларымен бөлісіп, еліміздің дамуы жолындағы маңызды кезеңдерді айшықтады.

Шараға тарихшылар, кітапхана оқырмандары, оқушылар мен қоғам белсенділері қатысты. Олар еліміздің егемендікке дейінгі және одан кейінгі кезеңдерін саралады. Кеш барысында әуезді ән айтылып, патриоттық өлеңдер оқылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




