Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда сотты болған азаматтарға «Qajymuhan» кинофильмі көрсетілді

Таразда сотты болған азаматтарға «Qajymuhan» кинофильмі көрсетілді
Автор
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесіндегі жазасын өтеушілердің тарихи-танымдық көзқарастарын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды arainfo.kz

Мәселен, бүгін дәл осы мекемеге облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері арнайы келіп, сотты болғандардың назарына «Qajymuhan» кинофильмі ұсынылды.

Бұл шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеушілердің рухани байлығын арттыру, отбасы мүшелерімен қарым-қатынастарын нығайту және арнайы контингент өкілдерінің мәдени тұрғыда дамуына оң ықпал ету.

Көркем фильмде Мұңайтпасовтың өмір жолы, батырлығы мен ерлігі сондай-ақ даңқты балуанның бойындағы адамгершілік пен ұлттық құндылықтар кеңінен наситталады. Туындыда Қажымұқанның өз отбасына деген шексіз қамқорлығы, еліне адал қызмет етуі, түрлі қиындықтар мен кедергілерге қарамастан жеңіске жетуі – нақты деректерге сай көрсетіледі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар