
Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың 100 жылдығына арналған ÁLIYA MOLDAǴULOVA. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
Жаңа монеталар 2025 жылғы 15 қазаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені — https://kazcoins.nationalbank.kz сайты арқылы сатылымға ұсынылады.
Коллекциялық монета дизайнында батырдың портреттік бейнесі бейнеленген. Номиналы — 200 теңге, дайындау сапасы — Brilliant uncirculated. Монета мельхиор (МН25) қорытпасынан жасалған, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, жалпы таралымы — 10 000 дана.
Барлық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлем құралы ретінде қабылданады. Оларды банк шоттарына аударуға, ұсақтауға немесе айырбастауға болады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.