Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Ақтөбе» футбол клубының 15 жастағы ойыншысы көз жұмды

«Ақтөбе» футбол клубының 15 жастағы ойыншысы көз жұмды
fcaktobe_official / instagram
"Ақтөбе U-16" командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы клубтың ресми парақшасында хабарланды.

Мәліметке сүйенсек, жас спортшымен бірге оның әжесі мен немере ағасы да көз жұмған. Оқиға 12 қазан күні Ақтөбе қаласындағы Кутуев көшесінде болған.

Ақтөбе облыстық ТЖД өкілдерінің айтуынша, оқиға орнында өрт белгілері анықталмаған, алайда үш адамның мәйіті табылған. Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Клуб ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар