
Бүгін, 13 қазан – Жамбыл жастарының төл басылымы «AR-AI» газетінің жарық көргеніне 20 жыл толып отыр, деп хабарлайды arainfo.kz
2005 жылы дәл осы күні алғашқы саны оқырман қолына тиген сәттен бастап, басылым жас толқынның сенімді серігіне, ойлы пікір мен тың идеяның мінберіне айналды.
Жиырма жыл ішінде газет бетінде сан мыңдаған тың тақырыптар қозғалып, жүздеген жас қалам иелері қалыптасты. «AR-AI» талай таланттың жолын ашып, олардың шығармашылыққа деген ынтасын оятты.
Қай кезеңде де жастардың үні болып келе жатқан басылым бүгінде де заман талабына сай жаңарып, жаңа форматта оқырманға ойлы контент ұсынуда.
Ардагер журналистерге, редакция ұжымына және барша оқырман қауымға мерейлі 20 жылдық мерекемен шын жүректен құттықтау айтамыз! Шығармашылық табыс, биік белес, жаңа жетістіктер тілейміз!
«AR-AI» – жастардың ар-намысы мен айбыны бола берсін!
Келесі мақала