Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «АR-AI» газетінің 20 жылдығымен құттықтады

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «АR-AI» газетінің 20 жылдығымен құттықтады
Ақорда
Құрметті «АR-АI» газетінің ұжымы!

Сіздерді Жамбыл облыстық жастар басылымы – «АR-АI» газетінің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Жастарға арналған басылымның орны қашанда бөлек. Республика бойынша мұндай мерзімді басылымдар санаулы-ақ. Бірі – Қызылордадағы «Ақмешіт жастары» болса, екіншісі – Жамбыл жеріндегі «АR-AI» газеті. Сондықтан басылымның еліміздің ақпарат кеңістігінде алар орны, мән-маңызы ерекше.

Жиырма жылда басылым бетінде сан алуан мазмұнды мақалалар, елең еткізер ақпараттар, танымал тұлғалармен терең сұхбаттар жарық көрді. Басылым ақпарат айдынындағы орнын айшықтап, оқырманның ақылшы досына айналды. Редакция талай талантты жастың тұсауын кесіп, шығармашылығын шыңдады. Қияға қанат қақтырды. Айтары бар азаматтарға ашық мінбер ұсынып, қоғамдық пікір көшбасшыларының қалыптасуына жол ашты. Жамбылдық жастардың ғана емес, бүкіл еліміздің жас буынының ой-өрісін кеңейтіп, рухани байлығын еселей түсті. 

Бүгінде басылым заман талабына сай жаңарып, цифрлық мүмкіндіктерді игеріп, оқырманға ойлы да, оқылымды дүние ұсынып отырғаны қуантады. Ең бастысы – «АR-АI» газеті жастардың үні, олардың айбынды мінбері болып қала бермек.

Бұл ретте жастар басылымының алғашқы кезеңінен бүгінге дейін жүріп өткен жолы баяндалған кітаптың жарық көруі де айтулы жетістік деп білемін. Себебі жинақ тек бір басылымның тарихын ғана қамтып қоймай, Жамбыл облысы журналистикасындағы жаңа кезеңнің жылнамасынан сыр шертеді.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді айтулы мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толайым табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін. Жастардың арман-мұратын асқақтатқан «АR-АI» газеті алдағы уақытта да оқырманын мәні зор, мағынасы терең мақалаларымен, мазмұнды сараптамаларымен қуанта берсін!

Құрметпен

Қазақстан Республикасының 

Мәдениет және ақпарат министрі

    ​    А. БАЛАЕВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар