Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекеттік тіл – этносаралық татулықтың діңгегі

Мемлекеттік тіл – этносаралық татулықтың діңгегі
Автор
Тараз қаласындағы «Достық» үйінде «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум өтті.

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, этнос өкілдері арасында оның мәртебесін арттыруды мақсат еткен іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, түрлі сала қызметкерлері, қоғам белсенділері мен журналистер қатысты.

Форум облыстық тілдерді оқыту орталығы ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы Әйгерім Байғабылдың «Мәміле» пікірталас клубы мүшелері мен этнос жастарына арналған тренингімен ашылды.

Іс-шара барысында «Мың бала» жобасының облыстық кезеңінің жеңімпазы Данил Курбанов пен Домбыра күні байқауының жеңімпазы Нұрғали Бекәлі күй сайысын көрсетіп, жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Ал форумның салтанатты ашылу рәсімінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілханов және облыстық Қан орталығының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Гулам Умаров жүрекжарды тілектерін білдіріп, мемлекеттік тілдің татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет башсысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ тілі – мәңгілік мемлекеттік тіл» атты бейнеүндеуі тағы бір мәрте көрсетіліп, қатысушылардың тілге деген құрметін арттыра түсті.

Іс-шара «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты ашық алаң форматында жалғасты. Мұнда әр салада еңбек етіп жүрген этнос өкілдері қазақ тілін меңгерудің тиімді жолдары және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Олар қазақ тілінің тек қатынас құралы ғана емес, табысты өмір сүрудің, кәсіби дамудың, тұлғалық қалыптасудың құралы екенін нақты мысалдармен дәлелдеп берді.

Форум соңында облыстық Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары Айгүл Кабиева және «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Дәурен Тайлеев белсенді қатысушылар мен тіл жанашырларына арнайы марапаттарды табыс етті.

 

Элизат ҚОНЫСБАЙ,

«Қоғамдық келісім» мекемесінің ақпараттық жұмыс

және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші-сарапшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар