Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жылыту маусымы 6 қазанда басталды

Жылыту маусымы 6 қазанда басталды
Автор
Жуырда Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жылыту маусымына дайындық бойынша штаб отырысын өткізді.

Қазіргі таңда шаһарда жалпы 5 жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорын бар. Аталған кәсіпорындар арқылы жылыту маусымы кезеңінде 1 780 нысан жылумен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні өтінім берген барлық кәсіпорынға әзірлік паспорттары берілген. Мекемелердің жылыту маусымына дайындығы 100 пайызды құрайды.

«QAZAQGAZ AIMAQ» кәсіпорнының ақпаратына сәйкес қала аумағында газдандырылмаған 2 006 жеке тұрғын үй бар. Осыған байланысты, 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына шаһар тұрғындары үшін қажетті көмірдің көлемі 10 030 тоннаны құрады. Бүгінде қала аумағындағы көмір сатумен шұғылданатын 7 оператордың теміржол тұйықтарында 2 630 тонна көмір бар.

Сонымен қатар шаһар аумағында жалпы 138 мемлекеттік білім мекемесі бар. Оның 133-і жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорындар тарапынан жылытылады.

Жиынды қорытындылаған Бақытжан Әмірбекұлы білім беру, денсаулық сақтау мекемелері секілді әлеуметтік нысандар жылумен ең бірінші кезекте қамтамасыз етілуі керектігін атап өтіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Қала аумағында 1-кезең бойынша 6-9 қазан аралығында әлеуметтік нысандарға (балабақша, білім беру, денсаулық сақтау) жылу берілсе, 2-кезең бойынша 9-15 қазан аралығында көпқабатты тұрғын үйлер жылуға қосылатын болады.

Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар