Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елімізде УЕФА стандарты бойынша салынған үшінші стадион ашылды

Елімізде УЕФА стандарты бойынша салынған үшінші стадион ашылды
gov.kz
Жсңа стадион 11 мың адамға арналған, деп хабарлайды arainfo.kz

Қызылорда қаласында 11 мың көрерменге арналған көпсалалы «Қайсар Арена» стадионының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты.

Жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асатын спорт кешенінде бокс, күрес, спорттық гимнастика, таеквондо және ауыр атлетикаға арналған залдар бар. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар жандарға да қолайлы жағдай жасалған.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде спорт инфрақұрылымын дамыту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биылдың өзінде 14 өңірде 32 спорт нысаны пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 70 нысанның құрылысы аяқталмақ.

«Қайсар Арена» — Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан ең ірі жобалардың бірі. Стадион УЕФА-ның 4-санатына толық сәйкес келеді, заманауи жасанды көгалмен және халықаралық талаптарға сай жарықтандыру жүйесімен жабдықталған.

Биыл Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ескек есу арнасы ашылды, ал жыл соңына дейін елордада Ұлттық спорт университеті іске қосылады. Сондай-ақ Қ. Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион 2026 жылы пайдалануға беріледі.

2024 жылғы деректерге сәйкес, елімізде халықтың 40%-дан астамы тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 55%-дан асып, 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 65%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар