Жаңалықтар
Telegram басшысы Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашты
- author AR-AY
- Бүгін, 12:23
- 19

Telegram негізін қалаушы әрі басшысы Павел Дуров Қазақстанда жаңа жасанды интеллект зертханасының ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
«Бір жыл бұрын біз Қазақстанда алғашқы аймақтық кеңсемізді ашқан едік және оның нәтижесіне өте ризамыз. Бүгін үлкен қуанышпен айтарым – Alem.ai ғимаратында жасанды интеллект бойынша арнайы зертхана өз жұмысын бастады», – деді Павел Дуров.
Зертхана аясында Telegram мен Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері арасындағы бірлескен жобалар жүзеге аспақ. Жаңа технология миллиардтан астам пайдаланушыға жасанды интеллект мүмкіндіктерін құпиялы, ашық әрі тиімді қолдануға жол ашады.
Павел Дуров Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері осы желі үшін алғашқы ірі есептік қуат жеткізушісі болатынына сенім білдірді.
Келесі мақала