Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Түркістан облысында мұғалімдерге жалған сабақтар үшін 4,2 млн теңге негізсіз төленгені анықталды

Түркістан облысында мұғалімдерге жалған сабақтар үшін 4,2 млн теңге негізсіз төленгені анықталды
канва
Сарыағаш ауданының прокуратурасы инклюзивті білім беру саласында Еңбек және Бюджет кодекстерінің сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды arainfo.kz

Тексеру барысында аудандағы 23 мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар 64 балаға үйде сабақ іс жүзінде өткізілмегені анықталды. Соған қарамастан, мұғалімдерге еңбекақы төленген.

«D.MED» жүйесінің деректеріне сәйкес, аталған балалар еліміздің түрлі өңірлеріндегі ауруханаларда ұзақ уақыт ем қабылдағандықтан, үйде білім алуға мүмкіндігі болмаған. Мәселен, №16 мектептің бір оқушысы жыл бойы емдеуде болғанына қарамастан, педагогтер оған сабақ өткізгені үшін 319 мың теңге алған.

Жалпы заңсыз төлем көлемі 4,2 млн теңгеден асты. Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде бұл қаражат бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар білім беру саласының 311 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар