Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Поэзия әлеміндегі сара жол» атты әдеби кеш өтті

«Поэзия әлеміндегі сара жол» атты әдеби кеш өтті
Автор
Жамбыл облысында Шаяхмет Құсайынұлының 75 жылдығына арналған әдеби кеш өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов кітапханасында ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар мен Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының және Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы, Д.А.Қонаев атындағы орден иегері Шаяхмет Құсайынұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Поэзия әлеміндегі сара жол» атты әдеби кеш өтті.

Мерекелік шараға ақынның замандасы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Меңдібай Әбілұлы, айтыскер-ақын, «Aq jol» облыстық газетінің аға тілшісі Есет Досалы, сондай-ақ «Шер» прозашылар клубының мүшелері – ақын әрі белгілі журналист Қамар Қарасаева және Ә.Бөкейхан атындағы №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерлан Нұрланов қатысты.

Кеш барысында қаламгердің шығармашылық жолы, поэзиядағы өзіндік қолтаңбасы жайлы кеңінен әңгіме өрбіді. Сонымен қатар Шаяхмет Құсайынұлының сөзіне жазылған «Алғашқы махаббатым» әні орындалып, жиналған қауымға ақын өлеңдерінен оқылған жырлар ұсынылды. Әдеби кеш қазақтың киелі қара өлеңінің құдіретін дәріптеп, тыңдарманға ерекше рухани әсер сыйлады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар