Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда қосымша білім беруге ваучерлік жүйе енгізілуде

Қазақстанда қосымша білім беруге ваучерлік жүйе енгізілуде
istockphoto.com
Елімізде 314 мың балаға қосымша білім алу бойынша ваучер берілді, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдан бастап елімізде қосымша білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

Біріңғай мемлекеттік тапсырысты орналастырудың пилоттық жобасы Астана, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Шымкент қалаларында іске қосылды. Жобаның мақсаты – оқушыларды шығармашылық, спорттық және білім беру бағытындағы тегін үйірмелер мен секциялармен кеңінен қамту.

Тәрбие және қосымша білім беру департаменті басқармасының басшысы Алтай Рахимберлиннің айтуынша, қазіргі таңда 300 мыңнан астам бала қосымша білімге ваучер алған.

— Ата-аналар өз балалары үшін үйірмелер мен секцияларды өздері таңдайды. Қажет болған жағдайда құжаттарды қайта тапсырмай-ақ, үйірмені өзгерте алады. Бұл ретте ваучер сақталады, – деді ол.

Қаржыландыру «бір балаға – бір ваучер» қағидаты бойынша жүргізіледі. Бұл тәсіл барлық оқушыға тең мүмкіндік беріп, ашықтықты қамтамасыз етеді әрі бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсауға жол бермейді.

Айта кетейік, жоба Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт, Оқу-ағарту, сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар