
Баяндамашының айтуынша, жаңа жүйе орман өрттеріне жедел әрекет етуді 3 есеге жеделдетіп, өрттің таралу ауқымын 20 есеге дейін азайтуға, сондай-ақ өртті сөндіруге кететін шығындарды 15 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 1,3 миллион гектар орман аумағында 148 бейнебақылау камерасы орнатылған.
– Адами фактор бар екенін мойындау керек. Кей жағдайларда адам қауіп-қатерді байқамай қалуы мүмкін, себебі ол камера секілді алысты көре алмайды. Ал заманауи үлкейткіш мүмкіндіктері бар техникалық құрылғылар бұл мәселеде әлдеқайда тиімді. Бүгінде орман алқаптарындағы өрт қауіпсіздігіне жауапты барлық орманшылар өз орындарында жұмысын жалғастыруда, оларды қысқарту туралы әңгіме жоқ. Алайда қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында қосымша бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл камералар қауіпке жедел әрекет етуге және алыстан көруге айтарлықтай көмектеседі, – деді Д.Мун.
Сонымен қатар, экологиялық мониторинг саласында да цифрлық шешімдер жүзеге асырылуда. Енді бұрынғыдай қағазбастылық пен қолмен есептеулердің орнына, экологиялық деректерді автоматты түрде жинайтын бірыңғай цифрлық платформа жұмыс істейді. Кәсіпорындар мұржаларына орнатылған арнайы датчиктер арқылы әр 20 минут сайын интернет арқылы ақпаратты тікелей платформаға жолдап отырады. Қазіргі таңда табиғатты пайдаланушы 91 кәсіпорынның 76-сы бұл жүйеге қосылған.
Айжан ӨЗБЕКОВА
Ұқсас жаңалықтар
Банктерге қатысты заң халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі
- авторAR-AY
- Бүгін, 16:31