Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жеткіншектерге жан-жақты қолдау керек

Жеткіншектерге жан-жақты қолдау керек
istockphoto.com
Жуырда аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, мекеме, бөлім басшылары, жастар орталығының қызметкерлері қатысты.

Басқосуда Байқадам ауылдық округінің әкімі Мейіржан Өксікбаев «Байқадам ауылдық округінде жастар саясатының іске асырылуы туралы» хабарлама жасады. Одан кейін Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Нұрхан Ақмағанбетовтің «Жаңаталап ауылдық округінде жастар саясатының іске асырылуы туралы» есебі тыңдалды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – «Аудан жастарының жұмыспен қамтылуы туралы» аудандық Мансаптық орталығы филиалының директоры Данияр Омар атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Мадина Прімбек жастар саясатының іске асырылу барысы туралы хабарлама жасады.

Жиын барысында аудан әкімі С.Мамытов мемлекеттік жастар саясатының сапалы іске асырылуына барлық мекеме, бөлімдер мен қала және ауылдық округ әкімдері жан-жақты қолдау көрсетуі қажет екенін тілге тиек етті. Атап айтқанда, NEET cанатындағы жастардың кәсіптік оқыту, қайта даярлау курстарынан өтуін қамтамасыз етіліп, жастарды мемлекеттік бағдарламаларға, кәсіпкерлік мақсатта өткізілетін гранттық конкурстарға қатысуын және жаңа инновациялық жобалардың үлесін арттыру бағытында жұмыстар жүргізуді тапсырды. Одан бөлек жауаптыларға мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды әлеуметтік және психологиялық қолдау шараларын ұйымдастырып, жастарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында шаралар қабылдап, жастарға арналған несие беру туралы ақпараттарды әлеуметтік желілерде және елді мекендерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.

Сондай-ақ, аудан әкімі түнгі мезгілдерде жасөспірімдердің ата-анасыз белгіленген мерзімнен тыс уақытта жүру жағдайларының алдын алу жұмыстары, учаскелік инспекторлардың бекітілген аймақтары бойынша жастардың тізімін қалыптастырып, нақты шаралар атқаруды, мектептер мен колледждерде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын күшейтуді, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген жастар мен жасөспірімдерді анықтап, күнделікті тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізу қажеттігін айтты.

 

Сәулет РЫСБЕКҰЛЫ,

журналист,

Сарысу ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар