Жаңалықтар
Полицейлер орманда адасып кеткен 61 жастағы зейнеткерді құтқарды
- author AR-AY
- 23 қыркүйек, 2025
- 128
Зейнеткер Бейбітшілік аралындағы орманға саңырауқұлақ теруге шығып, бағытынан жаңылып қалған, деп хабарлайды arainfo.kz
Семей қаласында полиция қызметкерлері орманда адасып кеткен 61 жастағы әйелді тауып, үйіне жеткізді.
Зейнеткер Бейбітшілік аралындағы орманға саңырауқұлақ теруге шығып, бағытынан жаңылып қалған. Ол жағдайды түсіндіріп, «102» арнасына қоңырау шалған.
Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының экипажы жедел жетіп, бірнеше топқа бөлініп іздеу жұмыстарын жүргізді. Сол кезде тәртіп сақшылары орман алқабының маңынан зейнеткерді байқап, қауіпсіз жерге алып шықты.
Әйелге медициналық көмек қажет болған жоқ. Құқық қорғаушылар оны аман-есен үйіне жеткізді.
Келесі мақала
Қазақстанда алғаш рет "Гарри Поттер пойызы" іске қосылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жыл басынан бері Қазақстан кітапханаларына 37 миллион оқырман келген
- авторAR-AY
- 6 қараша, 2025




