Жаңалықтар
16 жастағы қазақ қызы әлем аңызын жеңіп, алтыннан алқа тақты
- author AR-AY
- 22 қыркүйек, 2025
- 188
Армрестлингтен Болгарияда өткен әлем чемпионатында қазақстандық Ұлболсын Елмурат 60 келіге дейінгі салмақта барлық қарсыласын қапы қалдырмай, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды arainfo.kz
Финалда 16 жастағы спортшымыз 13 дүркін әлем чемпионы, Словакиялық аңыз спортшы Лусия Дебранованы тізе бүктіріп, сенсация жасады.
Бұл додада Қазақстан құрамасы үшін тағы бір тарихи жетістік тіркелді: бір әулеттің үш ұлы – 14 жастағы Бекнур, 15 жастағы Азамат және 18 жастағы Адилет Ибрагим өз салмақ дәрежелерінде әлем чемпионы атанды.
Келесі мақала




