Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Алматыдан «Jibek Joly» туристік пойызы жолға шықты

Алматыдан «Jibek Joly» туристік пойызы жолға шықты
ҚТЖ
Бес күнге созылатын тур барысында саяхатшылар Қазақстан мен Өзбекстанның тарихи-мәдени орталықтарын аралайды, деп хабарлайды arainfo.kz

Алматыдан 100-ден астам жолаушы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Бұхара – Алматы» бағыты бойынша жүретін «Jibek Joly» туристік пойызымен сапарға аттанды. Бес күнге созылатын тур барысында саяхатшылар Қазақстан мен Өзбекстанның тарихи-мәдени орталықтарын аралайды.

Заманауи әрі жайлы вагондардан жасақталған пойыз ұлттық нақыштағы интерьерімен ерекшеленеді. Құрамында үш купелік және бір мейрамхана вагоны бар. Жолаушылар Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Самарқандағы Регистан алаңы, Бұхарадағы Арк қамалы мен Ташкенттегі Хазрет Имам кешені сынды киелі орындарды тамашаламақ.

Турпакетке пойызбен сапар, кәсіби гидтердің қызметі, экскурсиялық билеттер мен трансферлер толық енгізілген.

Жобаны «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Өзбекстан темір жолдарымен» бірлесе ұйымдастырып отыр. Бұл бастама халықаралық туризмді дамытуға әрі қос елдің мәдени байланысын нығайтуға ықпал етпек.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар