Жаңалықтар
Алматыда шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды
- author AR-AY
- Бүгін, 13:32
- 1

Турнир 2025 жылғы 19–30 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды arainfo.kz
2025 жылғы 19–30 қыркүйек аралығында Алматыда U8, U10, U12 санаттарында әлем чемпионаты өтуде. Жарысқа 88 елден 851 жас шахматшы (оның ішінде 231 қазақстандық) қатысуда.
Ұйымдастырушылар – ҚР Туризм және спорт министрлігі, Алматы әкімдігі, FIDE және KazChess. Ашылу рәсіміне Ермек Көшербаев, Дархан Сатыбалды, Аркадий Дворкович және Тимур Турлов қатысты.
Турнир 11 турдан тұрады, уақыт форматы – 90+30. Жарыс ұлдар (Open) мен қыздар (Girls) арасында O8, G8, O10, G10, O12 және G12 санаттарында өтеді.
25 қыркүйекте демалыс күні: қатысушылар Шымбұлаққа экскурсияға шығып, блиц-турнир мен шешім шығару чемпионатына қатысады.
27–28 қыркүйекте Satbayev University-де «Білім берудегі шахмат» атты халықаралық конференция өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Алматының бұрынғы әкімі Досаев Президент Әкімшілігіне қызметке келді
- авторAR-AY
- 19 қыркүйек, 2025