Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында «World Clean Up Day» экологиялық акциясы өтті

Жамбыл облысында «World Clean Up Day» экологиялық акциясы өтті
Автор
«World Clean Up Day» халықаралық акциясы — бұл табиғи жерлер мен қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазарту үшін біріккен күн.

Ол қоршаған ортаны таза етудің жолы ғана емес, сонымен қатар табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетеді.

Қазақстан бұл әлемдік бастамадан тыс қалмайды және жыл сайын акцияға белсенді қатысады. Биыл «World Clean Up Day» акциясы 20 қыркүйекке жоспарланып Жамбыл облысы аумағында сенбіліктер жүргізілуде.

Жамбыл облысы бойынша экология департаменті (бұдан әрі-Департамент) Тараз қаласындағы Мамыр саябағын тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл акцияға Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аумақтық инспекциялар, кәсіпорындар, экоактивистер, қоғамдық ұйымдар, студенттер, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысып, акцияға белсенділік танытып, қоршаған орта тазалығы үшін өз үлестерін қосуда.

Сондай-ақ, Департаментпен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ АҚ-ның мониторинг түсірілімі бойынша, облыс аумағында барлығы 198, (Тараз -28, Шу -48, Жамбыл -39, Жуалы -3, Мойынқұм -3,  Талас-36, Қордай -41) бей берекет қоқыс үйінділері анықталды.

Осыған орай, Департамент Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 344-бабының 3 тармағымен 21 ауылдық округтеріне әкімшілік іс қозғалып, әр ауылдық округ аппаратына 196 600 теңге, жалпы соммасы  3 961 490 мың тенге айыппұл салынып, бүгінгі күні толығымен өндірілді.

Қазіргі таңда, жергілікті атқарушы органдармен қоқыс үйінділерінің жою графигі құрылып, тазарту жұмыстары жалғасуда.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар