Жаңалықтар
Қазақстанда интернет-алаяқтықтың ірі схемасы әшкереленді
- author AR-AY
- 19 қыркүйек, 2025
- 323
Келтірілген шығын көлемі 141 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды arainfo.kz
Шымкентте полицейлер интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі. Топ тек қала аумағында ғана емес, Алматы мен Алматы облысында да әрекет еткен.
Тергеу мәліметінше, алаяқтардың 9 қылмысқа қатысы бар, ал келтірілген шығын көлемі 141 миллион теңгеден асқан.
Арнайы операция барысында қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталды. Олар:
- ұйымдастырушы – топ басшысы;
- дропперлерді іздеп, тартумен айналысқан екі қатысушы;
- қолма-қол ақшаны шешіп, жеткізіп отырған тасымалдаушы.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, олардың өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Іс-шара Шымкент қалалық прокуратурасының үйлестіруімен өткен.
Еске сала кетейік, 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, сондай-ақ заңсыз ақша аудару үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілген.
Келесі мақала
Елімізде өсімдік майы өндірісі 600 мың тоннаға жетті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




