Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Асыл мұрат жолында аянбаймыз

Асыл мұрат жолында аянбаймыз
Автор
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында жасанды интеллектіні қолдану және инвестиция тартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Үкімет алдына үлкен міндеттер қойды.

Президент Жолдауда қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайтынын айта келіп: «Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық.

Жастар «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді.

Олар Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді. Заманауи технологияларды меңгеріп, халқымызды озық ойлы ұлттардың қатарына қосуға талпынады.

Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Мен мұны толығымен қолдаймын» деп, жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенім білдірді.

Сонымен қатар Жолдауда экологиялық ағарту ісінің бірыңғай үлгісін енгізу мәселесі сөз болды. Былтырдан бері елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқаны баршамызға аян. Жарқын жобаның жүзеге асуына әрбір қазақстандық атсалысуда. Осы ретте Мемлекет басшысы игілікті іске атсалысып жүрген азаматтарға, әсіресе, жастарға ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ саяси құжатта қамтылған экономикадағы инвестиция тарту реформалары, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, жасанды интеллектіні енгізу, денсаулық сақтау саласын жақсарту мәселелері – әділетті Қазақстанның өркендеуіне серпін берері айқын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы халықтың үмітін ақтайтын, елдің болашағын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат ретінде әрбір қазақстандыққа жігер сыйлайды.

Ендігі міндет – осы Жолдауда айтылған бастамаларды жүзеге асыруда қоғам болып белсенділік танытып, Президент белгілеген мақсаттарға қол жеткізу. Біз жастар осы бағытта аянбай еңбек етеміз.

Айбек ҚАДЫРАЛИЕВ,

облыстық жастар ресурстық

орталығының директоры

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар