Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Заң талаптары түсіндірілді

Заң талаптары түсіндірілді
Автор
Заңсыз қоғамда өмір сүру мүмкін емес. Ал заң – мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер, мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.

Заң мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Мемлекеттік биліктің дербес бастауы ретінде Заң ежелгі замандарда-ақ тәжірибеге еніп, әдет-ғұрып жосындарының орнын басқан.

Кеше яғни, 16 қыркүйектен бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мңселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 16 шілдедегі № 210-VIII Заңы күшіне енгені белгілі. 

Осыған орай, өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты  №26 мекемесінің әкімшілігі аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотты болған азаматтарға аталған заңның талаптарын кеңінен түсіндірді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар